Бүгін Қауымдастықтың Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың төрағалығымен Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді. Кеңес басында Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша… Подробнее »Zoom-кеңес
Новости
Ауыл шаруашылығы саласында білікті маман тапшылығы өзекті мәселеге айналып отыр. Сарапшылардың айтуынша, фермерлер жұмыс күшін тарту үшін жоғары жалақы ұсынуға мәжбүр. Алайда соған қарамастан тракторшы, комбайншы секілді жұмысшыларды табу қиын. Кей жағдайда шаруашылықтар шетелден маман шақыруға мәжбүр болып отыр.
https://youtu.be/kYNLrxL5JM8?si=JQWUVyla1ZrAe5o7
ШҚО әкімі Н.А.Сақтағановтың тапсырмасымен облыс әкімі кеңесшісі,Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы,ШҚО басқарма төрағасы Қыдырмолда Самат Франция мемлекетінің Қазақстандағы ауыл шаруашылығы жөніндегі кеңесшісі Венсант Бержер бастаған делегация мүшелерімен кездесіп, ортақ мәселелер жөнінде жоспарлы келіссөздер жүргізді.
Жамбыл облыстық аумақтық инспекциясы басшысы Нұрби Жігітековпен кездестім. Себебі көктемнен бастап облыс шаруаларын шегіртке әбігерге салады. Облыстық инспекция басшысы биылға шегіртке қарсы күреске дайындық туралы егжей- тегжей айтып берді. Қажетті қаражат бөлініп,ұшақтармен дрондармен, басқада техникалармен жапдықталып улау жұмыстары қарқынды атқарылуда.
19.06.2026 жылы Алматыда «Аграрлық ғылымды дамыту және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми қамтамасыз ету: теория, әдістеме және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол көрнекті ғалым, академик Ғани Қалиевті еске алуға арналды. Конференцияға ҚР Парламент мәжілісі депутаты Анас Баққожаев, Ауыл шаруашылығы… Подробнее »Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция
Қазақстан агроөнеркәсіптік экономика және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатта Анас Баққожаев, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, салалық бірлестіктердің, ауыл… Подробнее »17.06.2026 жылғы өткен Кооперация туралы жаңа заңды талқылау бойыншша дөңгелек столға қатысу






