27-маусым күні Шығыс Қазақстан облысы Глубокое ауданы орталығында Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы басқармасы ұйымдастыруымен, Жергілікті атқарушы билік өкілдері,ауыл әкімдері,ауыл еңбеккерлері қатысуымен жиналыс өтті. Облыс Әкімі Е.Б.Көшербаевтың тапсырмасы аясында Шығыс Қазақстан облысында бастау алып, ауыл шаруашылығы саласына кең жол ашатын,шағын,орта,ірі шаруа қожалықтары экономикалық жағынан заманауи талаптарға дамуларына кең мүмкіншілік беретін “Пилоттық Жобаларды” таныстыру,талқылау шаралары күн тәртібіне қойылды.
Сөз алған аудан әкімі орынбасары Литвиненко Е.Н. әр түрлі сала өкілдерінен құрылған жұмыс тобының аудан ауыл шаруашылығындағы маңыздылығын атап өтті.
ҚФҚ қауымдастығы Глубокое ауданы төрайымы Мурзыканова А.Ш. қазіргі таңда суландыру жүйесіндегі озық технологиялардың маңызды ролін айта келе,қаржыландыру жүйесіндегі біраз олқылықтар бар екендігін атап көрсетті.
