Перейти к содержимому

Отырыс

    Жетісу облыс фермерлерімен қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемасы талқыланды

    «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі «Жетісу облысының қала құрылыстық жоспарлаудың кешенді схемасы» жобасы бойынша 2026 жылғы 28 тамызда қоғамдық талқылауда айтылған ұсынысқа байланысты, жобаны жан жақты қарастырып, ұсыныс ескертпелерді кіргізу үшін, 2026 жылғы 2 қыркүйекте Атамекен кәсіпкерлер палатасының ғимаратында облыс аумағындағы кәсіпкерлік ұйымдар мен фермерлердің кездесуі ұйымдастырылды. Онда облыстың 2050 жылға дейінгі дамуының кешенді схемасы таныстырылып, қызу талқылынды. Облыс орталығы Талдықорған қаласынан мемлекетаралық трансмагистралды жолдың өтуіне байланысты, болашақта оны кеңейту мәселесі қаралды. Бұрында бұл мәселе талұыланып, бірнеше фермерлердің суармалы жерлерінің үстінен өтіп, оларға зардабын тигізуіне байланысты кейінге шегерілген.

    «Жетісу облысының сәулет және қалақұрылыс басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшылары жаңа жобада оның зардыбы барынша азайтылып, фермерлердің суармалы жерінің азаюына себебін тигізбейді деп мәлімдеді. Жобада болашақта облыста бірнеше ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу кәсіпорындарының салынуы, туризмнің қарқынды дамуының қарастырылуы фермерлердің көңілне қонымды болды.

    ҚФҚ Жетісу облыстық филиалы басқарма басшысы Асқар Қалиұлы Шәріпов 03.2026ж