21 маусымда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Қытайдың «Hangzhou Baiku science and technology CO., Ltd» компаниясымен Қазақстанда бірлескен кәсіпорын құруды жоспарлап отырған «QYRAN air assistant» компаниясының өкілдерімен кездестік.
«QYRAN air assistant» компаниясы келешекте қытайлық технология бойынша мамандандырылған ауыл шаруашылығы дрондарын өндірумен, оларды мал шаруашылығында (малдың санын анықтау, егілген/егілмегенін тексеру және т.б.) және түрлі дала жұмыстарын жүргізу қызметтерін көрсетумен және сол дрондармен жұмыс істейтін операторларды дайындаумен айналысуды жоспарлап отыр.
Кездесу барысында дрондарды ауыл шаруашылығында қолдану ерекшеліктері, бұл бағыттың фермерлер үшін инновациялық тұрғыдан өзектілігі, компания ұсынып отырған өнімдердің қазақстандық фермерлер үшін тиімділігі жайлы әңгіме қозғалды.
Бұл ретте өз тарапымыздан бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастықтың, облыстық филиалдардың тарапынан «QYRAN air assistant» компаниясына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.