18 маусымда Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті.
Жиналыста биылғы қараша айында жоспарланып отырған «Үздік фермер» Ұлттық премиясын өткізу, Ұлттық премияны өткізуге «Egistic» платформасын тарту арқылы Қауымдастықтың жұмысын жандандыру, өңірдегі үздік фермерлер туралы бейнематериалдар түсіру мәселелері қарастырылды.
«Үздік фермер» Ұлттық премиясын өткізу бойынша Қауымдастықтың атқарушы директоры Бауыржан Боранбек қысқаша мәлімет берді.
Одан кейін осы кеңеске арнайы шақырылған «Egistic» платформасының жетекшісі Жандос Керімқұлов платформаның жұмысы мен оны жұмыста пайдалану ерекшеліктері туралы айтып берді.
Содан соң Қауымдастықтың баспасөз хатшысы Жанкелді Ғапбасов фермерлер туралы бейнематериалдар түсіру туралы алдағы жоспарларымен бөлісті.
Аталмыш мәселелер бойынша филиал басшылары өз пікірлерін білдіріп, бұл шараларды өткізуді толықтай қолдайтындарын және жан-жақты ат салысатындарын айтты.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына жоспарланып отырған іс-шараларды жоғары деңгейде өткізу үшін белсенді жұмыс істеу қажеттігі жөнінде тиісті тапсырмалар берді.