Перейти к содержимому

17 маусымда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Румынияның «Soytek» тұқым өсіру компаниясының өкілдерімен кездестік

    17 маусымда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Румынияның «Soytek» тұқым өсіру компаниясының өкілдерімен кездестік.

    «Soytek» компаниясы күздік бидай, күздік арпа, күнбағыс, соя, дәндік жүгері (қысқасабақты) тәрізді дақылдардың тұқымдары мен будандарын өндірумен айналысады.

    Кездесу барысында румыниялық компания ұсынып отырған ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымдары мен будандарын біздің табиғи жағдайда өсіру ерекшеліктері және сол дақылдардың тұқым шаруашылығымен айналысудың қазақстандық фермерлер үшін тиімділігі жайлы әңгіме қозғалды.

    Бұл ретте өз тарапымыздан бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастықтың, облыстық филиалдардың тарапынан «Soytek» компаниясына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.