Перейти к содержимому

Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е.Б.Көшербаевтың тікелей тапсырмасы аясында Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Шығыс Қазақстан облысы басқармасы облыс аудандары ауыл шаруашылығы дамуына тың серпін беретін “Пилоттық Жобаларды” қолдау іс сапарлары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жиналыс кеңес өткізді

    Шығыс Қазақстан облысы әкімі Е.Б.Көшербаевтың тікелей тапсырмасы аясында Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Шығыс Қазақстан облысы басқармасы облыс аудандары ауыл шаруашылығы дамуына тың серпін беретін “Пилоттық Жобаларды” қолдау іс сапарлары барысында Тарбағатай ауданы Ақжар ауылында жиналыс кеңес өткізді.

    “Әр аудан ауыл шаруашылығы дамуы”, “Ауыл еңбеккерлері статусы”, “Суландыру жүйесіндегі жаңалықтарды кеңінен енгізу”, “Мал бордақылау алаңдары мен заманауи ет комбинаттары” туралы жаңа концепцияларды аудан жұртшылығы өте терең түсіністікпен қабылдады.

    Әр ауданда арнайы жұмыс топтары құрылды. Жергілікті Атқару мекемелері,ірі,шағын шаруа қожалықтары,Әр ауыл әкімдері, Қауымдастық басқармасы Шығыс Қазақстан облысынан бастау алып жатқан “Пилоттық бағдарламалар” негізінде жұмыс жоспарларын айқындады.