Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы Шығыс Қазақстан облысы басқармасы ұжымы кезекті жұмыс сапары Зайсан ауданында жалғасын тапты.
Облыс Әкімі бірінші орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы бастамасымен Шығыс Қазақстан облысында бастау алып жатқан оңтүстік аудандар ауыл шаруашылығы саласын сан салалық көтеру мақсатында “Пилоттық Жоба” негізінде ұйымдастырылған іс шаралар аясында Зайсан қаласында жергілікті атқарушы орындар өкілдері,халық қалаулылары,орта және шағын шаруа қожалықтары өкілдері қатысқан семинар конференция өте жоғары деңгейде өтті.
Қазіргі таңда ауыл еңбеккерлерінің көкейінде жүрген сұрақтар көтеріліп,ауыл шаруашылығы мамандары өз пікірлерін айтып,болашақта тиісті құзырлы мекемелермен бірігіп жасайтын жұмыстар шеңбері айқындалды…