Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы, Шығыс Қазақстан облысы филиалы басқармасы ұйымдастыруымен Марқакөл ауданында жиналыс өтті. Аудандық атқарушы билік өкілдері,аудандық мәслихат депуттаттары,шаруа қожалықтары басшылары қатысқан осынау іс шарада аудан ауыл шаруашылығы саласында көп жылдардан қордаланған мәселелер көтерілді. Облыс Әкімі бірінші орынбасары Сақтағанов Нұрымбет Аманұлы басшылық жасап ,оңтүстік аудандар экономикасын көтеру бағытында жоспарланып жатқан “Пилоттық бағдарлама” аудан халқы арасында үлкен қолдауға ие болды. Арнайы жұмыс тобы құрылып,ауданның ауыл шаруашылығы саласын дамытуға міндеттер бекітіліп,үлкен жобалар, жер жағдайына байланысты дамыту жоспарлары талқыланды.