Сіздерді — «Малшылар күні» мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Бұл кәсіби мереке мал шаруашылығымен айналысатын, еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге талмай үлес қосып жүрген жандардың еңбегінің жемісі деп білеміз!
Сіздердің қажырлы еңбектеріңіздің арқасында елімізде мал басы артып, мал шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі де ұлғаюда.
Осындай жетістіктерге жетуімізге ат салысып, тер төккен баршаңызға еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолындағы табанды еңбектеріңіз бен өз істеріңізге адалдықтарыңыз, туған жерге деген сүйіспеншіліктеріңіз үшін алғыс айтамыз!
Сіздерге дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, толағай табыстар тілейміз!
Қазақстан Фермерлері Қауымдастығы