Мен бүгін Қазақстан Фермерлер Қауымдастығының кеңсесінде әріптестеріммен кездесіп, мәжіліс өткізіп, еліміз бойынша көктемгі дала жұмыстарының барысы, су тасқынынан зардап шеккен фермерлердің шығынын өтеу, ауыл шаруашылық техникасын лизингке беру, утилизациялық алымдар, салық мәселелері, өңірлерде шегірткеге қарсы күрес бойынша қабылданып жатқан шаралар, мемлекет тарапынан бөлінетін субсидияның, көктемгі дала жұмыстарына бөлінетін қаржы, несиелерінің қолжетімділігі және Қауымдастықтың жарғысына сай ішкі ұйымдастыру жұмыстары, тағыда басқа сұрақтар талқыланды.
Сонымен қатар, Қауымдастықтың 5 айдағы атқарған жұмыстары бойынша орынбасарларымның баяндамаларын, есептерін тыңдап, фермерлерді қолдауға бағытталған және олардың қазіргі жағдайын жақсартатын жоспарлар туралы ақылдастық.
Қауымдастық әдеттегідей Фермерлер мен Мемлекеттік органдар арасындағы диалогтың тиімді алаңына айналғанын ескеріп, шаруалардың мүддесін қорғап, бұл бағытта жұмыс жаңаша, уақыт талабына сай жалғасатынын атап өткім келеді.