Перейти к содержимому

Бүгін «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов Ақмола облысы, Ақкөлауданы, Қарасай ауылында орналасқан «Bis Agro» ЖШС және «Сивко Бурко»ШҚ-наралап, ондағы фермерлердің жай-күйімен және көктемгі дала жұмыстары барысымен танысты

    Бүгін «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов Ақмола облысы, Ақкөлауданы, Қарасай ауылында орналасқан «Bis Agro» ЖШС және «Сивко Бурко»ШҚ-наралап, ондағы фермерлердің жай-күйімен және көктемгі дала жұмыстары барысымен танысты.

    Серіктестіктің және шаруа қожалығының басшысы Игілік Таутенов талай мәселенің басын ашты. Астанамызданнебәрі 130 шақырымдаорналасқанауылдыңқазіргіжолыешқандай сын көтермейді. Жолдыңтозығышыққан. Азат ауылынан бастап Қарасайауылына дейін 60 км жол мүлдем жоқ. Жолдың жоқтығы, жұмыссыздық салдарынан ауыл адамдары отбасын асырау амалын іздепқалаға көшіп кеткен, бұрынғы үлкен ауылдан бүгінгі күні 50 үйғана қалған.

    Серіктестік дәнді дақылдарды өсірумен айналысады.Ауыл шаруашылығы жерінің жалпы аумағы 3,1 мың гектер жер болса, соның 1,1 мыңы егістікке арналған. Егін егу науқаны шаруашылықта баяу жүруде. Бүгінге, 100 га жерге ғана егін егілген. Оның басты себебі, – қаржы тапшылығы. Бағалы мүлкі бола тұра Аграрлы несие корпорациясынан несие ала алмай жүр. Қаражаты болмағандықтан жанар-жағар май уақытында сатып алынбағасын дала жұмыстарын кеш бастауға мәжбүр болып отыр.

    Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге техникасы жеткілікті, бірақта ескірген. Жұмысшылар күнделікті ас-суымен де қамтамасыз етілген және жұмысшыларға толық жағдай жасаған.

    Шаруа қожалығы жылқы, қой, ІҚМ өсірумен айналысады. Шаруашылығы жақсы дамыған. Игілік Таутенов малшыларға толық жағдай жасаған, айлықтары 300 мың теңгеден асып жығылады, мал береді, тұратын үйлерін сатып алып берген. Көшіп келем деушілерге тұратын үйлерін сатып алып беруге дайын.

    Проблемасы:етті өткізетін орындар жоқ, делдалдар арқылы өткізуге мәжбүр. Астана қаласының іргесінде тұрсада сиыр етінің 1 кг-1800 тенгеге, қой етін-2000 тенгеге, жылқы етін-2200-2300 тенгеге сатуда. Шығыннан басқа пайда көріп отырмағанына қынжылады.

    Қосшы қаласындаетөңдеу цехының құрылысын бастаған. Оған өз қаражатынан 80 млн тенге қаржы құйған.Шаруа қожалығының тағы бір проблемасы — қаржы тапшылығы. Құрылысты аяқтау үшін Аграрлы несие корпорациясына 150 млн тенге несие алуға өтініш берген, алайда несие ала алмай жүр.

    Осындай, жұмыс істеймін деген шаруашылықтарға неліктен атқарушы органдар немқұрайлы қарайтыны түсініксіз…

    Осыны облыс әкімдігі және Аграрлы несие корпорациясы қаперіне алса деген тілегім бар.