Перейти к содержимому

А.ж. 31 мамырда «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық Бірлестігінің (әрі қарай – Академия) жиналысы, Академия Президенті Т. Есполовтың жетекшілігімен өтті

    А.ж. 31 мамырда «Ұлттық аграрлық ғылым академиясы» Республикалық қоғамдық Бірлестігінің (әрі қарай – Академия) жиналысы, Академия Президенті Т. Есполовтың жетекшілігімен өтті.

    Жиналысқа Қазақстанның барлық өнірлерінен ғалымдар қатысты.

    Жиналысқа «Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Е. Абуов қатысып, өз ойын ортаға салды.

    Агроғылымның қазіргі күйі — көңіл қоншытпайды.

    Оған себеп көп! Жас мамандардың ғылымға келмеуі, бөлінетін қаржының жеткіліксіздігі, жүйелі жұмыстың жоқтығы және т.б.

    Отандық ғылым мен өндірістің арасында байланыстың жоқтығы туралы бір-екі мысал келтірейін.

    Бірінші – елімізде көкөніс дақылдары мен жем-шөп дақылдарының тұқым шаруашылығы дамымаған, тіпті жоқ деп айтуға болады. Фермерлер шетелдік сорттарды пайдаланады.

    Екінші мысал – былтыр ғана болған бидай астығының мәселесі. Фермерлер өсіп кеткен, сапасыз бидайын сата алмай, сол бидайды малға немесе құсқа беруге болады ма, ол бидайды тұқым ретінде пайдалауға болады ма деген сұрақтарымызға бірде-бір ғылым өкілі, ғылыми ұйым жауап бере алмады.

    Әрине, мұндайдан кейін фермерлер ғылымға сенімсіздікпен және теріс көзқараспен қарайтын болады.

    Алайда, аграрлық ғылымның әлеуеті жоғары және кез-келген мақсатқа жететін қауқары бар.

    ​Қазақстан фермерлер қауымдастығы ғылымды қолдайтынын және ғылым мен өндірістің байланысына септігін тигізгісі келетінін жеткізді.

    ​Бүгінгі іс-шарада айтылған ұсыныстар, агроғылым мен ауыл шаруашылығының дамуына тың серпін беретінін атап өтті.

    Ғалымдар мен ғылыми ұйымдардың бірлескен қызметін жандандыру және дамытуға ықпал ету үшін «Қазақстан фермерлері қауымдастығы» РҚБ мен Ұлттық аграрлық ғылым академиясы РҚБ арасындағы ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ТУРАЛЫ МЕМОРАНДУМҒА қол қойды.