Перейти к содержимому

28 мамырда Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті

    28 мамырда Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста филиал басшыларының жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.

    Кеңестің басында Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов жаңадан тағайындалған Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары Жәнібек Кенжебаевты таныстырып, оған сөз берді.

    Жәнібек Кенжебаев өзі туралы қысқаша айта кетіп, алдағы жоспарлары туралы мәлімет берді.

    Ол жоспарларының ішінде – көпбалалы және мүгедектері бар жанұяларға 10 қойдан беру, бордақылауға қара мал беру туралы әлеуметтік жобалар, жас фермерлер арасында конкурс өткізу және бас жүлде ретінде үш жеңімпазды шетелге ТЕГІН іссапарға жіберу.

    Одан кейін Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов атқарылған жұмыстар туралы баяндама жасады.

    Содан соң облыстық филиалдар басшылары сөз сөйлеп, филиалдың атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді және алдағы жоспарларымен бөлісті.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандыру және жергілікті жерлерде фермерлердің өзекті проблемаларын батыл көтеру туралы тиісті тапсырмалар берді.