АСТАНА. KAZINFORM – Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Үкімет орысында көктемгі егіс жұмыстарына бөлінген дизельдің бағасы былтырғы деңгейде сақталатынын айтты.
«22 қаңтарда Энергетика және Ауыл шаруашылығы министрліктері 2024 жылғы 1 ақпан-30 маусым аралығында «Көктемгі егіс жұмыстарына 340,3 мың тонна дизель отынын жеткізу туралы кесте бекітті.
5 сәуірде екі министрлік тағы 36 мың тонна дизель жеткізу туралы қосымша кесте бекітті.
Былтырғымен салыстырсақ, баға өзгерген жоқ. 20 өңірдің бәрінде қосылған құн салығын қосқанда бір литрі 250 теңгеден сатылуда. Бұл жанармай құю станцияларындағы бөлшек сауда бағасынан 45 теңге арзан немесе 15 пайызға төмен», — деді министр.