Перейти к содержимому

Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәісіпкерлер палатасында «Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелері» бойынша кеңес өтті

    Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәісіпкерлер палатасында «Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамыту мәселелері» бойынша кеңес өтті. Кеңесті Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев жүргізді.

    Кеңеске Мәжіліс депутаттары, ауыл шаруашылығы министрлігінің, Сауда және денсаулық сақтау министрлігінің өкілдері, сондай-ақ салалық қауымдастықтардың (одақтардың) және бизнес субъектілерінің өкілдері қатысты.

    Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов фермерлерді толғандыратын негізгі мәселе – өндірген өнімдерін нарықтағы бағамен қайта өңдеу кәсіпорындарына, сауда орындарына сата алмауы. Фермерлерге барынша жағдай жасау қажет, малын экспортқа өткіземе немесе ішкі нарыққа сатама олар үшін тиімді болуы керек. Мал шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеуді дамытқан жағдайда ғана мал шаруашылығы дамитын болады, одан пайда табуға болады. Мал экспортына шектеу қойғаннан кейін қайта өңдеу кәсіпорындарының жұмысы жандануы керек еді, бірақ олай болмай отыр. Сондықтан, көп жылға аз пайызбен қайта өңдеу кәсіпорпындарының жүктілігін арттыру үшін қол жетімді несиелер беріп, олардың жұмысын қадағалау қажет.

    Агроөңдеуді дамыту үшін егжей-тегжейлі талдау жүргізу және өңдеу кәсіпорындарының деректер базасын қалыптастыру қажеттігін айтты.

    База кәсіпорынның ағымдағы жағдайын бағалауды, оның қуатын, жүктемесін, өнім номенклатурасын, сондай-ақ тежеу мәселелерін қамту керек.

    Импорттың жоғары үлесін, жүктелмеген қуаттар мен шикізат әлеуетін ескере отырып, сүтті, етті, тері мен жүнді өңдеу, олар бойынша агроөңдеу кәсіпорындарын, оның ішінде әр облыс бойынша аудандар бөлінісінде орналастыру картасын әзірлеу керектігін жеткізді.

    Жалпы кеңес жоғары дегейде және өте нәтижелі бағытта өтті.