Перейти к содержимому

4 мамырда Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Қытайдың «XAG» компаниясының Қазақстандағы дистрибьюторы – «Dtrade» компаниясының өкілдерімен кездестік

    «Dtrade» компаниясы мамандандырылған ауыл шаруашылығы пилотсыз ұшу аппараттарын (дрондар) сатумен, сондай-ақ солардың көмегімен түрлі дала жұмыстарын (өсімдіктерді қорғау жұмыстары, жекелеген ауыл шаруашылығы дақылдарын себу, агрокартограмма жасау және т.б.) жүргізу жөніндегі қызметтер көрсетумен айналысады (әзірше Ресейде).

    Кездесу барысында пилотсыз ұшу аппараттарын ауыл шаруашылығында қолдану ерекшеліктері, бұл бағыттың фермерлер үшін инновациялық тұрғыдан өзектілігі, ресейлік компания ұсынып отырған өнімдердің қазақстандық фермерлер үшін тиімділігі жайлы әңгіме қозғалды.

    Бұл ретте өз тарапымыздан бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастықтың, облыстық филиалдардың тарапынан «Dtrade» компаниясына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.