Перейти к содержимому

3 мамырда Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларының және фермерлердің қатысуымен кезекті скайп-кеңес өтті

    Кеңеске Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржылық құралдар және микрокредит беру департаменті директорының орынбасары Қ.Ә.Әубәкіров, Аграрлық несие корпорациясы Аймақтық даму департаментінің жобалар басшысы Ә.Е. Мұстафина, Агросақтандыру қауымдастығының өкілі Ә.Мұхитбекова қатысып, ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесі бойынша қысқаша баяндамалар жасады.

    Содан соң кеңес «сұрақ-жауап» режимінде жалғасты.

    Фермерлердің қойған сұрақтарының негізгілері:

    — өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру лимитін алып тастау;

    — сақтандыру жүйесіне енетін өңірлер мен дақылдар тізбесін кеңейту;

    — бұршақ жауу, үскірік шалу, өрт шығу және т.б. сақтандыру жағдайлары қатарына енгізу.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Аграрлық несие корпорациясының өкілдері біраз сұрақтарға жауап беріп, кейбір күрделі сұрақтарға жазбаша жауап беретін болып келісілді.

    Кеңестің екінші бөлімі Қауымдастықтың ішкі жұмысына арналып, бірнеше облыстық филиал басшылары тыңдалды.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов осы сияқты орталық орган өкілдерінің қатысуымен скайп-кеңес өткізу үрдісі алдағы уақытта да жалғасатынын айтып, облыстық филиал басшыларына жауабы айтылмай қалған сұрақтарды жазбаша жіберу, сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы сақтандыру жүйесін оңтайландыру және жетілдіру жөнінде ұсыныстар жолдау туралы тиісті тапсырмалар берді.

    Скайп-кеңестің видеожазбасы жақын арада жарияланады.