Перейти к содержимому

Мынау Алмасбек деген аузымен орақ орып, елдің арасына іріткі салып болды

    Мынау Алмасбек деген аузымен орақ орып, елдің арасына іріткі салып болды. Бұл шындық айтпайды. Тек популист. Оған қарсы пікір білдіргендерді фейсбукте блокқа қояды. Ал, өзінің кемшілігін айтқанды жақтырмайды. Қазақстан Фермерлерінің Қауымдастығы Ұлытау облысының филиалы төрағасы Бауыржан Жаппасұлы осы жем-шөпке деген субсидияны бөлдіртуге ат салысты. Жылқыға өмірі субсидия берілмей келген. Бірақ, былтыр берілді. Фермерлер шөп жинап қойдық деп, субсидия алды. Ал, байқап қарасақ, жылдағы әдеттері бойынша далаға қоя беріп, субсидия қаражатын қалтаға басқан болып тұр. Бірақ, Алмасбек мұндайды ешқашан айтпайды

    Бауыржан Жаппасұлы Алмасбектің инстаграмдағы постына мынадай пікір жазды. 👇👇👇

    Алмасбек! Сен өзі малшысың ба кімсің? Жекеменшік малдың жағдайын мал иесінің өзі ойламағанда кім ойлайды? Кінәлі малшының өзі! Осы малшылар мал басына жем-шөп дайындап қойдық деп, әр малдың басына субсидия алды емес пе? Сенің сөзіңе сенсек, Үкіметтің ,яғни облыс әкімшілігінің жем-шөпке берген субсидиясын малшылар шөп жинамай, жалған ақпарат беріп алған болып тұр ғой?! Екіншіден, жұт болса, неге сиыр мен қой қырылып қалмаған? Жұт- деген төрт түлік малға бірдей тиюі керек қой. Сен өлген қой мен ешкі, сиыр малын көрсетші! Біз көріп тұрған жылқы малының қырылуы, бұл малға шөп жинамай, жылдағы әдет бойынша далаға қоя беріп, соның кесірінен қырылған болып тұр. Шындықты осылай айту керек! Сен елдің арасына іріткі салғаннан басқа, малшы қауымға не жәрдем бердің? Осындай бір мәселе көтеріп, содан малшылар қарық болды дейтін бір ісіңді көрсетші! Сенде ондай жоқ! Мына тірлігің иттің тірлігі сияқты. Өйткені, бір ит бірдемені біліп үрсе, көшегің екінші жағында қалған иттер қоса үріп, елдің азан -қазанын шығарып жатады ғой. Тура сол сияқты! Айтқыш болсаң, жылда жылқының жем-шөбіне берілмей келген қаражатты биыл Ұлытау облысы әкімшілігі, ауыл шаруашылық басқармасы басшысының бөлдіргенін неге айтпайсың? Бұған дейін субсидия берілмей келсе де, жылқы қырылмай, жем-шөпке қаражат берілген кезде, шөптің жоқ болуынан жылқының қырылып қалуын қалай түсінуге болады? Үшіншіден, осындай ақиқатты тіке қарап саған айтқан мені, фейсбук парақшасындағы барлық пікірлірімді өшіріп, менің өзімді блокқа қойып тастадың. Осы ма сенің шындықты жақсы көретінің? Сен папулист, нағыз хайп қуатын жанның нақ өзісің. Мен оны жақсы білемін! Қоғамда бір резонанс болса, сол жерге от тамызып, үрлеп жүресің. Ал, басқа резонанс жоқ жерлерге сен аяғыңды аттап та баспайсың. Сен жасап жүрген құрылтайдан фермерлерге не көмек және хайыр болды? Ешқандай. Сен осылай жасап, тек өз имиджіңді көтерумен шұғылданып жүрген жансың! Сенің бұрынғы серіктестеріңнің саған берген бағасы-осы. Осы жерде де мені блокқа тықсаң болады. Мен айтарымды айттым!