Перейти к содержимому

16 сәуір күні Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Ресейдің «Зерно Сибири» компаниясының өкілдерімен кездестік

    «Зерно Сибири» компаниясы астықтың, майлы дақылдардың экспорт-импортымен, сондай-ақ ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымын, мұнай өнімдерін, ауыл шаруашылығы техникасын, өсімдіктерді қорғау құралдарын, минералдық тыңайтқыштарды сатумен және т.б. айналысады.

    Кездесу барысында жалпы ауыл шаруашылығы саласы, оның ішінде фермерлерді тұқыммен, техникамен, қосалқы бөлшектермен, пестицидтермен, тыңайтқыштармен қамтамасыз ету, ресейлік компания ұсынып отырған өнімдердің қазақстандық фермерлер үшін тиімділігі жайлы әңгіме қозғалды.

    Бұл ретте өз тарапымыздан бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастықтың, облыстық филиалдардың тарапынан «Зерно Сибири» компаниясына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.