АСТАНА. KAZINFORM — Су ресурстары және ирригация министрлігі 6 облыстың ауылшаруашылық алқаптарына су беруді жақсарту үшін 200 шақырым суару желісін тазартты.
Министрліктің ресми өкілі Мөлдір Әбдуалиеваның айтуынша, барлығы 500 шақырымнан астам су арнасын тазалау жоспарланып отыр.
«Каналдарды тазарту жұмысы Алматы, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Түркістан және Жетісу облыстарында жүргізіледі. Суару маусымына дайындық аясында 110 су шаруашылығы нысаны жөндеуден өтіп жатыр», — деді М. Әбдуәлиева республикалық ақпараттық штабта өткен брифингте.
Сондай-ақ Қазақстанның 8 өңірінде — Жетісу, Алматы, Жамбыл, Қызылорда, Қарағанды, Түркістан облыстарында, БҚО және ШҚО-да 74 гидротехникалық құрылысты жөндеу жоспарланған.