Перейти к содержимому

12 сәуірде «Атамекен» Ұлттық кәісіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені комитетінің кезекті отырысы өтті

    12 сәуірде «Атамекен» Ұлттық кәісіпкерлер палатасының Агроөнеркәсіп кешені комитетінің кезекті отырысы өтті. Отырысты Комитет төрағасы, Парламент Мәжілісінің депутаты, Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасы Жигули Молдахалықов жүргізді.

    Отырыста мынадай мәселелер қаралды:

    1. «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» ҚР Заңының жобасы туралы.

    2. Агробанк құру мәселелері туралы.

    3. Агроөнеркәсіптік кешен субъектілеріне кредит беру, сондай-ақ ауыл шаруашылығы жануарларын, техникасы мен технологиялық жабдықтарын сатып алуға лизинг беру кезінде инвестициялық салымдар мен сыйақы мөлшерлемелері кезінде агроөнеркәсіптік кешен субъектісі шеккен шығыстардың бір бөлігін өтеу жөніндегі субсидиялау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы.

    4. Әр түрлі мәселелер.

    Отырысқа Парламент Мәжілісінің депутаттары, Комитетке мүше қоғамдық ұйымдардың, Ауыл шаруашылығы министрлігінің, қаржы институттарының, «Ауыл» партиясының өкілдері қатысты.

    Бірінші екі мәселе бойынша Парламент Мәжілісінің депутаты Анас Баққожаев баяндама жасап, заңжобалармен қысқаша таныстырып өтті.

    Талқылау барысында отырысқа қатысушылар бұл екі заңжобаны жалпы қолдайтындықдарын білдіріп, жекелеген мәселелер бойынша өз ұсыныстарын айтты.

    Қазақстан фермерлері қауымдастығының Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов фермерлерді толғандыратын негізгі мәселе – қаржыландыру мәселесі екендігін алға тартып, бұл мәселе бойынша Президентке, Үкіметке, Парламентке бірнеше рет хат жолданғанын атап өтіп, мәселенің Мәжіліс депутаттары тарапынан қолдау тапқандығына ризашылығын білдірді және Агробанк құруды толығымен қолдайтынын жеткізді. Сонымен қатар, экспортты шектеу немесе тауар өндірушілердің бағасын бақылау бойынша қабылданатын шаралар арқылы биліктің фермерлердің ісіне араласуы олардың бизнесін алдын-ала жоспарлап, тиімді жұмыс істеуіне кедергі келтіретінін ескере отырып, осы мәселені жөнге келтіруге бағытталған «Азық-түлік қауіпсіздігі туралы» заң жобасы да Қауымдастық тарапынан қолдау тапты. Қауымдастық келешекте осы заңжобалармен айналысатын жұмыс топтарының құрамына кіріп, бірлесіп жұмыс жасауға дайын.

    Үшінші мәселе бойынша Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүреков баяндама жасап, өзгерістер шетел өндірісі техникасын сатып алуға және лизингке беруге қатысты енгізіліп отырғанын айтты.

    Комитет мүшелері бұл өзгерістерге қарсылықтарын білдіріп, мәселе жан-жақты талқылауды талап ететінін жеткізді.

    Жалпы жиналыс жоғары дегейде және өте нәтижелі бағытта өтті.