Перейти к содержимому

«БІЗДІҢ КҮШІМІЗ – БІРЛІКТЕ!»

    Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев су тасқынына байланысты қалыптасып отырған ауыр жағдай жөнінде халыққа үндеу жариялады.

    Қазіргі күнде Қазақстанның көптеген өңірлерін топан судың басуы салдарынан сол жердің халқы орасан шығынға батып жатыр.

    Ол шығынның ішінде мыңдап қырылған малдан басқа, тұрғын үйлердің, қоралардың, мал баздарының, фермалардың суға шайылып кетуі, тұқым мен жанармай қоймаларының, техниканың судың астында қалуы жағдайлары да бар.

    Осы жағдайлардың салдарын жою және қырылған мал мен бүлінген заттардың орнын толтыру үшін қыруар қаражат қажет болар сөзсіз.

    Су басқан аймақтардың бәрінде төтенше жағдай жарияланды.

    Осы орайда, Мемлекет басшысы бұл мәселенің өзінің тікелей бақылауында екендігін атап өтіп, зардап шеккендерге материалдық көмек көрсетілетініне тоқтала кетті.

    Сондай-ақ Президент ресми ақпаратқа сүйенуге, халықты дүрліктірмей, шынайы деректер таратуға шақырды.

    Одан бөлек, Мемлекет басшысы осы мәселе бойынша келешекте жүйелі жұмыстар жүргізу, сала мамандарын көбейту, апаттың алдын алу шараларын қолдану жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

    Қалыптасып отырған жағдайда Қазақстан фермерлері қауымдастығы Президентке өз қолдауын білдіре отырып, халқымызды ауызбіршілігін, адамгершілігін, жомарттығын, кең пейілділігін, ақ жүректілігін көрсетуге шақырадыІ

    Біздің күшіміз – бірлікте!

    Қазақстан фермерлері қауымдастығының

    басқарма мүшелері