Перейти к содержимому

    «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысы филиалы мен «ҚазАгроҚаржы» облыстық филиалы бірлесіп биылғы жылғы қаржылық қолдау мәселелері туралы 27.03.2024 жылы семинар өткізді. Семинарға Республикадан «ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы орынбасары Жұмжаев Еркебұлан Ерланұлы, облыстық филиал басшысы Мамырбаев Талғат Орынғазыұлы, «Қазақстан фермерлер қауымдастығы» Жетісу облысты филиалы басқарма төрағасы Шәріпов Асқар Қалиұлы, филиал менеджері Мұқашев Саят Алдажарұлы және фермерлер қатысты.

    ҚазАгроҚаржы» АҚ ауыл шаруашылығындағы негізгі мәселелердің бірін — техникалық паркті жаңартуын шешуге көмектесу мақсатында құрылған. 2022 жылдың 25 шілдесінен бастап Компания «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ еншілес ұйымы болып табылады. Өз кезегінде «Аграрлық несие корпорациясы» АҚ Жалғыз акционері «Бәйтерек» ұлттық басқарушы холдингі болып табылады. Өз сөзінде ҚазАгроҚаржы» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы орынбасары Жұмжаев Еркебұлан Ерланұлы компанияның өнім жаңа өнімдерінің бір түрі «Өз жем-шөбіміз» бойынша және басқа бағдарламалар турал ақпарат берді. Бұның жылдық ставкасы бірден 6% (субсидияланбайды), бұл фермерлер үшін өте тиімді. Аванс кемінде 15%, авансты төлеу бойынша кейінге қалдыру,

    қаржыландыру шарты жасалған күннен бастап он екі ай ішінде, бірақ 2024 жылғы 10 қарашадан кешіктірмей инвестсубсидиялар есебінен авансты төлеу қарастырылған. Мерзімі 10 жылға дейін. Лизинг нысыны ауыл шаруашылығы техникасы, жем-шөп техникасы және жылжымалы суару жүйелерінің түрлерімен жинақтамалары қаржыланады. Жетісу облысты филиалы басқарма төрағасы Шәріпов Асқар Қалиұлының ақпараты бойынша қазіргі кезде бұл бағдарлама бойынша облыста 860 млн. тенгеге 40 жоба анықталған. Семинар барысында облыс фермерлерінң сұранысының артуыа байланысты қосымша 500 млн.тенгеге қаражат бөлінсе деген ұсыныс айтылды. «Жасыл өнім» бағдарламасы бойынша Республикада биылғы жылға 3,8 млрд.тенге бөлінген. Алайда біздің облыс ауыл шаруашылығын өнімдерін өндіретін ірі өңірлердің бірі болғанына қарамастан, бұл бағдарлама бойынша бізде бірде-бір жоба игерілмеген. Осы шараға көмек берілуі сұралды. Семинарда қосымша айтылған негізгі мәселелердң бірі, фермерлердің несие тарихын зерделегенде, қарыз мөлшері аз болсада (10 тенге, 100 тенге) қолданыстығы нұсқаулыққа байланысты оның несие тарихы бұзылады. Осы орайда оның ең төменгі мөлшерін үш айлық есептік көрсеткішке (11076 тенге дейін) көтеру қарастылса, біршама фермерлердң несие тарихы жақсарып, оған қол жетімділігі артар еді деген ұсыныс айтылды. Семинарда фермерлер Байсалбаев Қ, Саргалдаков Ж басқада мәселелер бойынша өз ойларымен бөлісті.

    Жетісу облысты филиалы басқарма төрағасы

    Шәріпов Асқар Қалиұлы