15 наурызда Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың қатысуымен Қауымдастығымыздың облыстық филиалдары басшыларымен кезекті скайп-кеңес өтті. Жиналыста филиал басшыларының жұмыстары талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңесте Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Қазақстан фермерлері қауымдастығының атқарған жұмыстары туралы баяндама жасады.
Содан соң алты облыстық филиалдар басшылары сөз сөйлеп, филиалдың атқарып жатқан жұмыстары туралы есеп берді және алдағы жоспарларымен бөлісті.
Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов ауыл шаруашылығы саласындағы салық салу режимін оңтайландыру, инвестициялық субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізу, облыстарда екінші тоқсанда фермерлерге қажетті іс-шаралар (семинарлар, дөңгелек үстелдер, конференциялар, көрмелер және т.б) өткізу бойынша ұсыныстар беру қажеттігі туралы айтты.
Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаев Қауымдастық пен Мәжілістің Аграрлық комитетінің депутаттарының көмегімен фермерлердің бірқатар мәселелері, оның ішінде ресейлік Камагро компаниясы арқылы мал алып, алданған фермерлердің мәселесі шешіліп жатқандығы туралы айта кетіп, облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандыру және жергілікті жерлерде фермерлердің өзекті проблемаларын батыл көтеру туралы тиісті тапсырмалар берді.