24 қаңтарда «Қазақстан-Башқұртстан» халықаралық форумы аясындағы бизнес-форумға қатыстық. Форумда Башқұртстанның ауыл шаруашылығы саласындағы, атап айтқанда мал шаруашылығы, сүт өндірісі, ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқымы өндірісі, ауыл шаруашылығы жабдығы, агрохимия және т.б. салалардағы компаниялар өкілдерімен кездестік.
Башқұртстан Республикасы Ресей Федерациясының ауыл шаруашылығы жақсы дамыған өңірлерінің бірі. Республикада мал шаруашылығы, жылқы шаруашылығы, қымыз өндірісі, бал өндірісі, қант өндірісі жақсы жолға қойылған.
Ерекше атап өтетін жағдай – республиканың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері салық төлеуден мүлдем босатылған, субсидияны федералдық бюджеттен де, республикалық бюджеттен де алады, яғни ауыл шаруашылығы өндірісін мемлекеттік қолдау деңгейі өте жоғары.
Кездесулер барысында бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастықтың, облыстық филиалдардың тарапынан Башқұртстан компанияларына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.