Бүгін, «Қазақстан Фермерлерінің Қауымдастығы» заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлер қауымдастық нысандағы бірлестігінің Жетісу облысы бойынша филиал Төрағасы лауазымына Амиров Мейрамбай Кенжебайұлын тағайындадым.
Мейрамбай Кенжебайұлы — ауыл шаруашылығы саласында мол тәжірибе жинақтаған білікті маман. Ол осы уақытқа дейін Жетісу облысындағы «Нұржан» шаруа қожалығын табысты басқарып, өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға өз үлесін қосып келеді.
Жаңа филиал басшысымен, филиалдың алдында тұрған негізгі міндеттермен жоспарлары талқыланды. Сонымен қатар, Жетісу облысы фермерлерінің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау және ілгерілету; Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері мен мемлекеттік органдар арасында тиімді диалог орнату; Өңірдегі шаруа қожалықтарының өзекті мәселелерін (субсидиялау, несиелендіру, техникамен қамтамасыз ету және өнімді өткізу) жедел шешуге ықпал ету; Қауымдастық қатарына жаңа мүшелер тарту арқылы өңір фермерлерінің басын біріктіру және өзара тәжірибе алмасу алаңын қалыптастыруға қатысты басым көңіл бөлу тапсырылды.
Мейрамбай Кенжебайұлына жауапты жұмысына толағай табыстар тілейміз!
