Перейти к содержимому

Бүгін Маңғыстау өңірінің агроөнеркәсіптік әлеуетін арттыруға бағытталған кездесу өтті

    Кездесу барысында «Маңғыстау Транс» құрылтайшысы Наурызбек Сақтапұлы Құсайыновпен және «Дунай Инвест Групп» ЖШС басшысы Елмұрат Баймұрзаұлы Мекеевпен кездесіп, бірқатар ауқымды инвестициялық жобаларды талқыладық.

    Аталған кәсіпорындар Маңғыстау өңірінде өте өзекті саналатын ауыл шаруашылығы техникасын құрастыру өндірісін іске қосу, мал шаруашылығын дамыту және ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу кәсіпорындарын ашу бағыттарды қолға алуды жоспарлап отыр.

    Кездесу аясында Маңғыстау облысының климаттық және географиялық ерекшеліктері ескеріле отырып, аталған жобаларды сәтті жүзеге асырудың тетіктері сөз болды. Сондай-ақ, кәсіпкерлерге осы саладағы мемлекеттік қолдау шаралары, субсидиялау және жеңілдікпен несие беру бағдарламалары туралы толық мағлұмат берілді.

    Мұндай жобалар аймақтың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және жаңа жұмыс орындарын ашуға үлкен серпін береді. Сондықтан, қауымдастық тарапынан отандық өндірушілерге жан-жақты қолдау әрдайым жалғаса береді.