Перейти к содержимому

Құрметті ауыл шаруашылығы саласының еңбеккерлері, диқандар, наубайшылар және барша отандастар!

    Сіздерді Қазақстанның Нан күнімен шын жүректен құттықтаймыз!

    Нан – халқымыз үшін береке мен бірліктің, молшылық пен ырыс-ынтымақтың символы. Дастарқанымыздың сәні, тіршілігіміздің нәрі болған қасиетті нанның әрбір үзімінде жерге деген құрмет, маңдай тер мен еселі еңбектің үлесі жатыр.

    Бұл мереке – көктемгі егіс науқанынан бастап, алтын дәнді жинау, оны өңдеу және дастарқанға нан болып жетуіне дейінгі жауапты жұмысты атқарып жүрген барша ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің еңбегін дәріптейтін ерекше күн.

    Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етіп, халқымызды сапалы астықпен және нан өнімдерімен қамту жолында аянбай еңбек етіп жүрген диқандарға, фермерлерге, агрономдарға, наубайшыларға және сала мамандарына шынайы алғысымызды білдіреміз!

    Еңбектеріңіз жемісті, егіндеріңіз бітік, қамбаларыңыз астыққа толы болсын!

    Әр шаңырақта нан молшылығы, береке мен бақ-дәулет орнасын!

    Еліміз аман, жұртымыз тыныш, дастарқанымыз әрдайым мол болсын!

    Ізгі тілекпен,

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы.