Перейти к содержимому

Дөңгелек үстел

    Бүгін Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық зерттеу университетінің Агротехнопаркінің ұйымдастыруымен агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың өзекті мәселелері, тәжірибе алмасу, ғылыми әзірлемелер мен заманауи технологияларды таныстыру, сондай-ақ ғылым, білім беру және бизнес арасындағы өзара байланысты нығайту мәселелері талқыланған дөңгелек үстел (онлайн форматта) өтті.

    Дөгелек үстелге Қауымдастықтың облыстық филиалдар басшылары қатысты.

    Дөңгелек үстел барысында Агротехнопарк ғалымдары бірнеше тақырып бойынша мазмұнды да мағыналы баяндамалар жасап, атқарып жатқан жұмыстары туралы айтып берді.

    Отырыс соңында Атырау облыстық филиалы басшысы М.Сарманов өңірлік жағдайда мал азығы шөптерін өсіру, топырақ жағдайы, жерасты сулары мәселелері бойынша, Қостанай облыстық филиалы басшысы М.Ахметов егіншілік мәселелері бойынша сұрақтар қойып, ғалымдар мүмкіндігінше жауап берді, сондай-ақ келешекте бұл мәселелер бойынша тығыз жұмыс істеуге дайындықтарын білдірді.