Құрметті отандастар, қадірлі жерлестер!Бүгінде еліміз үшін өте жауапты кезең — Ұлттық құрылтайға іріктеу және алдағы саяси додаға дайындық жұмыстары қызу жүріп жатыр. Құрылтай төрінде елдің мұңын мұңдап, халық пен биліктің арасында алтын көпір болатын шынайы жанашырлар отыруы тиіс. Осы ретте, мен мемлекетіміздің ертеңіне бейжай қарамайтын азамат ретінде, өз таңдауымды сенімді түрде жасап, Ауыл партиясын толықтай қолдаймын! Себебі, бұл саяси ұйымның қатарында сөзі емес, ісі өтімді, халықтың мұң-мұқтажын бес саусағындай білетін нағыз ұлтжанды тұлғалар жиналған. Олардың ішінде ерекше атап өтетін, бәріміз мақтан тұтатын азамат — Жигули Дайрабаев ағамыз. Бұл кісі — көптеген жылдар бойы ауыл шаруашылығы қызметкерлеріне, қарапайым еңбек адамдары мен шаруаларға тұрақты тірек болып келе жатқан бірегей тұлға. Ол дала еңбеккерінің маңдай терін, жердің жағдайын өзгелерден қарағанда әлдеқайда терең түсінеді. Оның бойындағы асқан кішіпейілділігі, әрбір адамның мұңына құлақ асатын ерекше эмпатиясы мен жылы қабағы — бүгінгі қоғамға, мемлекеттік басқару ісіне ең қажетті қасиеттер. Ол биік мінбелерде жүрсе де, қарапайым халықтан ешқашан ажыраған емес. Дәл осындай асыл ағамыз бар партия халықтың үнін Құрылтайға анық жеткізе алатынына кәміл сенемін!
23 тамыз күні болатын сайлауда «Ауыл» партиясына дауыс беріңіздер!
“Grain caravan SFK“ директоры С. Тельман.
