Перейти к содержимому

Фермерге пайдалы ақпарат (ауыл шаруашылығы техникасын алу шарттары)

    Алдымен қысқаша естелік.

    2022 жылы Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Президент Қ-Ж.К.Тоқаевтың атына ауыл шаруашылығы техникасын шаруаларға сыйақы мөлшерлемесі төмен, бастапқы жарнасыз, ұзақ мерзімге жеңілдетілген лизингпен беру туралы хат жолдаған болатын. Нәтижесінде Президент Үкіметке тапсырма беріп, сол кезден бастап «Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы жұмыс істеп келеді.

    Әрине, оның шарттары біз сұрағандай болмады, дегенмен де бұл бағдарлама техниканы жаңартуға үлкен септігін тигізді.

    Бүгінгі күнде ауыл шаруашылығы техникасын алудың ең тартымды нұсқаларының бірі – осы ҚазАгроҚаржы арқылы жеңілдетілген лизинг.

    Осылайша, ауыл шаруашылығы техникасын алудың келесідей жолдары бар:

    1. «Жеңілдетілген лизинг» – 5%

    Негізгі шарттары:

    мөлшерлеме – 5%;

    мерзімі – 7 жылға дейін;

    алғашқы төлем – 0%;

    негізінен Қазақстанда өндірілген ауыл шаруашылығы техникасы.

    Бұл бағдарламаға 2026 жылы 310 млрд. теңге жоспарланған.

    2. «Қазақстанда жасалған» – 6%

    Негізгі шарттары:

    мөлшерлеме – 6%;

    мерзімі — 10 жылға дейін;

    отандық ауыл шаруашылығы техникасына арналған.

    3. «Агролизинг»

    Импорттық техника немесе кеңірек ассортимент керек болса, «Агролизинг» бағдарламасын қарастыруға болады.

    Мөлшерлемесі 12,6%, бағдарлама ауыл шаруашылығы техникасының кең түрлерін, соның ішінде арнайы техника мен кейбір басқа құралдарды қамтиды.

    Өтініш берудің жалпы тәртібі:

    1. Шаруашылықтың мәртебесін дайындайсыз — ЖК, шаруа қожалығы немесе ЖШС.

    2. Қандай техника керегін анықтайсыз: трактор, комбайн, сепкіш, егіс кешені және т.б.

    3. Техниканы сатушыдан коммерциялық ұсыныс аласыз.

    4. ҚазАгроҚаржыға лизингке өтінім бересіз.

    5. Компания шаруашылықтың қаржылық жағдайын, төлем қабілетін, қарыздарын және қажетті құжаттарын тексереді.

    6. Мақұлданса, лизинг шарты жасалады және техника жеткізіледі.