Перейти к содержимому

АУЫЛДЫҢ ҮНІ – ЕЛДІҢ ҮНІ!

    Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы «Ауыл» партиясының жаңадан сайланайын деп жатқан Құрылтайға өтуін қалайды және толық қолдайды!

    Ауыл – елдің берекесі.

    Фермер – жердің иесі ғана емес, ел дастарханының тірегі.

    Бүгінгі ауылдың мәселесі – ертеңгі Қазақстанның мәселесі.

    Жердің қадірін білетін, маңдай термен еңбек етіп, елді азық-түлікпен қамтамасыз етіп отырған мыңдаған фермердің өз үні, өз өкілі болуы керек.

    Бізге ауыл шаруашылығын жақсы білетін, фермердің күнделікті еңбегін түсінетін және ауылдың нақты мәселесін билік мінберінде батыл көтеретін саяси күш қажет.

    Осы тұрғыдан алғанда, «Ауыл» партиясының Құрылтайға өтуі – ауыл еңбеккерлерінің мүддесін қорғау, агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жаңа серпін беру және ауылдың үнін елдік деңгейде жеткізу үшін маңызды қадам болары сөзсіз.

    Біз ауылды қолдаймыз!

    Біз фермерді қолдаймыз!

    Біз «Ауыл» партиясының Құрылтайға өтуін қолдаймыз!

    Өйткені ауылдың үні естілсе – елдің еңсесі көтеріледі!

    АУЫЛҒА ДАУЫС БЕР!

    ҚАЗАҚСТАН ФЕРМЕРЛЕРІНІҢ ҚАУЫМДАСТЫҒЫ