Шортанды ауданына қарасты «Айям-7» ЖШС-нің басшысы Алмаз Есенгельдіұлы Мухамедьяев Қазақстан фермерлерінің қауымдастығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуовты егін шаруашылығы барысымен таныстырды.
Биылғы жылы бидай, арпа, зығыр, жасымық еккен. Жауын-шашынның аз болуы және ауа райының ыстық болуы топырақтағы ылғал қорының динамикасына кері әсерін тигізді. Шаруашылық басшысы астықтың өнімділігі былтырғы жылдармен салыстырғанда төмен болатынын және жұмсаған шығындарын өтей алмау қаупі бар екенін мәлім етті. Шаруашылық жасымық жинауды аяқтаған, шығымдылығы 4-5 ц.
Санаулы күндерден кейін арпа, бидай жинау науқаны басталады. Астықты дер кезінде ысырапсыз жинап алуға шаруашылық сақадай сай екеніне көзіміз жетті.
Шаруашылықта атқарылып жатқан игі істерді көріп, шаруашылықтың потенциалының өте жоғары екенін байқадым оны басқарып отырған Алмаз Мухамедьяевтың жұмысы, басқаларға үлгі боларлық және айтар алғысым шексіз!!!
Алмаз Мухамедьяевтың сөйлеген сөзін төмендегі бейнероликтен көре аласыздар.


