Перейти к содержимому

Жаңалықтар

    Биылғы көктемнің суық күндері мен маусым айындағы жаңбырдың тапшылығы шөптің және дәнді дақылдардың түсіміне кері әсерін тигізді. Сол себептен қазір арпа жинау науқанында өнімділік 5 ц/га аспай тұр. Шөп өнімділігі де былтырғыдан төмен.

    Шілде айында жауған жаңбырлардың арқасында майлы дақылдардың, оның ішінде күнбағыстың өнімділігі жақсы болады деп күтілуде. Сондай-ақ жайылымдағы шөп те көтеріліп, мал азыгы жақсарды.

    Ауыл шаруашылығы дақылдарының өнімділігі ауыл тұрғындарының әл-ауқатына тікелей байланысты. Өзіміздің қолымызда тұрған техниканы дайындап, арпа жинауға кірісіп кеттік. Мемлекет тарапынан бөлінетін арзандатылган дизель отынының көлемі жеткілікті.

    Шығыс Қазақстан облысы, Самар ауданы, «Агрокешен Бек» ЖШС басшысы, Самар ауданы фермерлері қауымдастығының төрағасы Мамбетов Канат Мырзабекұлы