Перейти к содержимому

Кездесу

    Бүгін Қауымдастықтың орталық кеңсесінде ауыл шаруашылығы өнімінің саудасын ұйымдастыруға бағытталған жаңа «Auylmarket» цифрлық платформасын әзірлеушілермен кездестік.

    «Auylmarket» цифрлық платформасы – жаңадан әзірленген платформа, жұмысын енді бастап жатыр, әзірше клиенттік базасы шамалы. Сол себептен әзірлеушілер Қазақстан фермерлерінің қауымдастығынан қолдау сұрап келген екен.

    Аталмыш платформаға тіркелу тегін, тіркелген, жазылған үшін ақша төлеп қажет емес. Болашақта платформа фермерлерге өндірген өнімін еш делдалдарсыз сатуға-сатып алуға көмектесетін алаң болуға дайын.

    Өз тарпымыздан «Auylmarket» цифрлық платформасын әзірлеушілермен бірлесіп жұмыс істеуге әзірлігімізді көрсетіп, аталмыш кездесудің құр бос әңгіме болып қалмауын, келешекте бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.

    Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік.