14 шілдеде Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов Қауымдастықтың орталық кеңсесінде Гювенч Текнеоглу бастаған Түркияның ауыл шаруашылығы техникасын шығаратын «CELIKEL» компаниясының бір топ өкілімен кездесті.
Кездесу барысында Әкпар Мәуленов Қауымдастықтың атқаратын жұмыстары, алға қойған міндеттері және жалпы Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласын дамыту бағытындағы әлеуеті мен екі ұйым арасындағы ынтымақтастық мүмкіндіктері туралы қысқаша айтып берді.
Гювенч Текнеоглу Қауымдастықпен кездесу мақсаттары және ауыл шаруашылығы саласындағы байланыстарды нығайтып, одан әрі дамыту, оның ішінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы техникасын өндіру мүмкіндігі туралы сөз қозғады.
Өз тарпымыздан түрік инвесторларымен ауыл шаруашылығы техникасын өндіру бағытында бірлесіп жұмыс істеуге әзірлігімізді көрсетіп, аталмыш кездесудің құр бос әңгіме болып қалмауын, келешекте бірлесіп, ынтымақтастықта өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан түрік инвесторларына қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігімізді білдірдік.
Кездесу соңында өзара байланыс деректерімен алмасып, жұмысты жалғастыру туралы келісімге қол жеткіздік.
