Перейти к содержимому

2026 жылғы Жетісу облысында егістікті әртараптандыру процессі қарқынды жүруде

    Ағымдағы жылы Жетісу облысында ауыл шаруашылығы дақылдарының жалпы егіс көлемі 511,8 мың гектарды құрап отыр.

    Биылғы алқаптардың құрылымы әртараптандыру бағытында жасақталған. Нарықтағы сұраныс пен өңірдің климаттық ерекшелігі ескеріле отырып, жаздық дәнді дақылдар 165,5 мың гектар жерге орналастырылды. Аймақ үшін дәстүрлі әрі жоғары табысты дақыл саналатын дәнге арналған жүгері 54,2 мың гектарды иеленсе, майлы дақылдар егілген алқаптардың көлемі 105,7 мың гектарға жетті. Сонымен қатар өңірдегі қант зауыттарын шикізатпен қамтамасыз ететін негізгі өнім – қант қызылшасы 13,0 мың гектар аумаққа себілді. Мал шаруашылығының жем-шөп қорын нығайту мақсатында 33,6 мың гектар жерге арнайы мал азығы дақылдары егілді.

    Күрделі агрономиялық терминдерді қарапайым тілмен түсіндірсек, дақылдарды әртараптандыру дегеніміз – бір ғана өнім түріне тәуелділіктен арылып, топырақтың құнарын сақтау және нарықтағы баға құбылмалылығынан қорғану үшін өсімдіктердің бірнеше түрін қатар өсіру тәсілі. Цифрлық жүйелер арқылы егістік жерлердің картасы жасалып, әр гектардың өнімділігі онлайн режимде бақылауға алынған. Ескі технологияғыда бір жерге бір өсімдікті еге беру, топырлықтың құнарлығын азайтып, өнімдің түсімділігін төмендететініне фермерлердің көзі әбден жетті. Өсімдіктердің бірнеше түрін қатар өсіру тәсілінде көптеген шаруашылық күнбағыс өсірумен табысқа жетіп жүр. Облысымызда күнбағыс өсіру ісі қарқынды дамыған екі аудан бар, оның бірі – Сарқан болса, екіншісі – Алакөл ауданы. Бүгінде Алакөл ауданында күнбағыс егістігі дамыған ірі шаруа

    қожалығы жетекшісі Болат Шиербаевтың айтуынша, осы дақылды биыл 500 гектарға сеуіп, әр гектарынан 20-25 центнер жинауды жоспарлап отыр. Бұл орайда олар жер асты суларын ұтымды пайдалануға үлкен мән беруде. Біз олармен тығыз байланыс орнатып Республикалық фермерлер қауымдастығы арқылы субсидиялау тетіктеріне қол жетімділігін арттыру бағытында барынша көмек берудеміз.

    ҚФҚ Жетісу облыстық филиалы басқарма төрағасы Асқар Қалиұлы Шәріпов

    07.07. 2026 ж.