Бүгін Қауымдастықтың Басқарма төрағасы Жигули Дайрабаевтың төрағалығымен Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларымен zoom-форматында кезекті кеңес өтті. Жиналыста берілген тапсырмаларды орындау барысы талқыланып, алдағы жоспарлар мен міндеттер белгіленді.
Кеңес басында Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов соңғы кеңестен бері атқарылған жұмыстар туралы қысқаша баяндама жасады.
Содан соң Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов биылғы бірінші жартыжылдықтағы облыстық филиал басшыларының жұмысына баға беріп, атқарылған жұмыстар, берілген тапсырмалардың орындалуы туралы айтып берді.
Жиналыс барысында Ақтөбе, Жетісу, Түркістан облыстық филиалдар басшыларының жұмысына жоғары баға беріліп, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстық филиалдар басшыларының жұмыстарын нашар жүргізіп жатқандығы атап өтілді.
Кеңесті қорытындылай келе Жигули Дайрабаев Парламент Мәжілісінде атқарылған жұмыстар туралы баяндап беріп, облыстық филиал басшыларына жұмысты жандандыру, берілген тапсырмаларды уақытылы орындау туралы тиісті тапсырмалар берді.


