Перейти к содержимому

Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция

    19.06.2026 жылы Алматыда «Аграрлық ғылымды дамыту және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін ғылыми қамтамасыз ету: теория, әдістеме және тәжірибе» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Ол көрнекті ғалым, академик Ғани Қалиевті еске алуға арналды. Конференцияға ҚР Парламент мәжілісі депутаты Анас Баққожаев, Ауыл шаруашылығы вице-министрі Азат Сұлтанов, Ұлттық ғылыми-білім беру орталығының (ҰҒАО), ҚР Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының өкілдері, жетекші экономистер, салалық ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, Ресей, Беларусь, Тәжікстан, Өзбекстан, Қырғызстаннан келген халықаралық серіктестер қатысты. Пленарлық және секциялық отырыстар барысында қатысушылар агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми қамтамасыз етуді дамытудың негізгі стратегиялық басымдықтарын талқылады. Ауылды дамыту және кооперациялау, құрғақшылыққа төзімді ауылшаруашылық дақылдарының сорттарын шығару, мал шаруашылығына инновациялық технологияларды енгізу, ветеринарлық қауіпсіздік, климаттың өзгеруі жағдайында жер және су ресурстарын тиімді басқару мәселелеріне ерекше назар аударылды.

    Мен конференцияда ауыл шаруашылық кооперативтерінде ішкі аудиті ұйымдастырып оны жетілдіру проблемасы туралы өз ұсыныстарымды жеткіздім.

    ҚФҚ Жетісу облысы филиалы басшысы Асқар Шәріпов