Перейти к содержимому

17.06.2026 жылғы өткен Кооперация туралы жаңа заңды талқылау бойыншша дөңгелек столға қатысу

    Қазақстан агроөнеркәсіптік экономика және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтында «Қазақстандағы ауыл шаруашылығы кооперациясын дамытудың нормативтік құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Іс-шараға Қазақстан Республикасы Парламентінің депутатта Анас Баққожаев, мүдделі мемлекеттік органдардың, ғылыми қоғамдастықтың, салалық бірлестіктердің, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің, АӨК кәсіпорындарының өкілдері қатысты. Олар еліміздегі агрокооперация қозғалысын одан әрі дамытуға бағытталған жаңа заң жобасының тұжырымдамалық негіздерін талқылады. Құттықтау сөзімен Қазақстан Республикасы Ұлттық аграрлық ғылымдар академиясының президенті Т.Есполов пен Қазақстан аграрлық экономика және ауылды дамыту ғылыми-зерттеу институтының басқарма төрағасы Е.Исламов сөз сөйледі.

    Шараға Біріккен Ұлттар Ұйымының Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) атынан ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі маман В.Айвазян «Кооперативтер және ауыл шаруашылығы кооперативтерін дамытуды қолдаудағы мемлекеттің рөлі» атты баяндамасын ұсынды. «Ауыл шаруашылығы кооперативтері туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасын талқылау аясында ол ұлттық заңнаманың ынтымақтастықтың іргелі қағидаттарына сәйкестігін қамтамасыз ету бойынша халықаралық тәжірибе мен ұсынымдарды ұсынды.

    Ауыл шаруашылығы кооперативтері фермерлердің экономикалық тұрақтылығын нығайтуда, нарыққа қолжетімділікті кеңейтуде және ауыл тауар өндірушілерінің бәсекеге қабілеттілігін арттыруда маңызды рөл атқарады. Заңнамаларды жетілдіргенде, кооперативтік қозғалыстың іргелі принциптерін — ерікті қатысу, демократиялық басқару, автономия және кооператив мүшелерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға назар аударуды, есептілік пен аудитті сақтау өте маңызды. Мемлекеттік қолдау кооперативтердің тәуелсіздігі мен одан әрі өсу әлеуетін шектемей дамуына ықпал етуі керек», — деп атап өтті Виктория Айвазян.

    Талқылау барысында қатысушылар жаңа заң жобасының қолданыстағы кооперативтік заңнамамен байланысын, ауыл шаруашылығы кооперативтерінің дербестігін қамтамасыз етуді, мүшелік жарналарды реттеуді, агроөнеркәсіптік кешен аясындағы нақты ұғымдар мен қызмет түрлерін нақтылауды, кооперативтік қозғалысты ынталандырудағы мемлекеттің рөлін қарастырды. Дөңгелек үстел бағдарламасы кәсіби қауымдастықтың кең ауқымды пікірлерін қамтыды. Қатысушылар арасында өңірлік кооперативтер мен салалық одақтардың басшылары, өңдеуші кәсіпорындардың өкілдері, ауыл шаруашылығы мамандары, Қазақстанның мамандандырылған жоғары оқу орындарының жетекші ғалымдары болды. Мен ауыл шаруашылығы кооперативтерінде есеп пен аудитті жетілдіру бойынша ұсыныстар жасадым. Шара қорытындысы бойынша қатысушылар ауыл шаруашылығы кооперациясының нормативтік-құқықтық базасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірледі. Дайындалған ұсыныстар уәкілетті мемлекеттік органдарға одан әрі қарау және ауыл шаруашылығы кооперациясы туралы жаңа заң жобасына ықтимал енгізу үшін қоғамдық талқылаулардың белгіленген мерзіміне дейін жіберілетін болады.

    ҚФҚ Жетісу облысы филиалы басшысы Асқар Шәріпов