Перейти к содержимому

Дөңгелек үстел

    Бүгін «Ауыл» партиясы» төрағасының орынбасары Ғалымжан Мұратұлы Құсманғалидың төрағалығымен «Неліктен жайылымдар туралы заң жұмыс істемейді» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

    Қазақстан фермерлері қауымдастығы Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов аталған іс-шараға қатысып өз ойын ортаға салды.

    Малдың шамамен 80 пайызы ауылдық елді мекендерде және оның айналасында жайылады. Бұл жайылымдық жердің үлкен проблемаға айналғанын көрсетеді.

    Жергілікті атқарушы органдар, «Жайылымдар туралы заңға» жеткілікті түрде мән бермейді. Осының салдарынан ауыл тұрғындары арасында әлі күнге дейін жер мәселесі бойынша даулар шешімін таппай келе жатыр.

    Заңның 13-бабына сәйкес қабылданған нормативтік құқықтық актілер — жайылымдарды басқару және оларды пайдалану жөніндегі жоспарлар өңірлерде орындалмайды.

    Әкімдік шаруашылыққа жерді бөлгенде бизнес жоспары бойынша қандай мал өсіруді қолға алатынына сараптама жасамайды.

    Жайылымға көше алмаудың бір себебі мал суару құдық, скважинардың болмауы, тапшылығы, мемлекет тарапынан су қазуды бұрынғыдай субсидияласа, күн сәулесі панельдермен қамтамасыз етілмеуі.

    Жер пайдаланушыға тиесілі жайылымдардың жалпы алаңына жүктеменің жол берілетін нормасын айқындау үшін мониторинг жүргізу сәтінде ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру жөніндегі дерекқордан алынған ауыл шаруашылығы жануарларының басы туралы мәліметтер алынады

    Алайда кейбір шаруа қожалықтарына мониторинг жүргізу барысында тіркеу мәліметтер базасында ауыл шаруашылығы жануарларының есептен шығарылмағаны байқалады. Осыған байланысты Ветеринарлық станция мамандарына ИСЖ базасында түгендеу жұмыстарын жүргізу қажеттігін жеткізді.