Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданына қарасты шаруа қожалықтарына барып, малдың қысқы азығын дайындау жұмыстарының барысымен таныстым. Шаруалардың тынымсыз еңбегіне куә болып, саладағы өзекті мәселелер мен ұсыныс-пікірлерін тыңдадым. Бүгінде қысқы жем-шөп қорын уақытылы әрі сапалы дайындау – мал шаруашылығының тұрақты дамуының маңызды кепілі. Сондықтан ауыл еңбеккерлерінің жағдайын жақсарту мен олардың көтерген мәселелерін шешу бағытындағы жұмыстар әрдайым назарда болады.

