2026 жылғы 1 маусымда Жетісу облысы бойынша «Ауыл» партиясы өңірлік филиалы семинар өткізді. Оған Мәжіліс депутаты, «Ауыл» партиясы фракциясының жетекшісі А.Баққожаев басқарған орталық партия аппараты басшылары және облыстық «Ауыл» партиясы өңірлік филиалы үйлестірушілері, партия мүшелері және фермерлер қатысты.
Семинардың мақсаты – келешектегі сайлауға дайындық жұмыстарын пысықтау, жастар саясатын, оның ішінде ауыл жастарының өзекті мәселелерін талқылау, ауылдарымыздың, демек, мемлекеттеріміздің дамуына елеулі үлес қосудағы партияның ролін арттыру. Мен өз сөзімде Мәжілісте отырған ауыл партиясы депутаттарына, олардың қажырлы еңегіне өз ризашылығымды білдірдім. Олар фермерлердің техникасын жаңартуға бес пайыздық елу миллиард несие беруге бастамашыл болып, оның көлемі соңғы жылдары бес еседен артық өсті. Фермерлерге біршама салық жеңілдіктерін беруге, қосымша құн салығынан мүлдем бостауға ықпал етілді. Агробанк құру мәселесін жоғарғы деңгейде пысықталып, өзекті талқылау, дәлелдемелер жасалды. Субсидия бойынша біршама өзекті мәселелер көтеріліп, фермерлер мүдделері қорғалғанын айттым.
Семинар қатысушыларға өте пайдалы болды.
ҚФҚ Жетісу облысы филиалының басқарма төрағасы А.Қ. Шәріпов.
