Перейти к содержимому

ҚЫРЫҚ ЖЫЛДЫҚ ЕҢБЕГІ ЕЛЕНДІ!

    Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Қызылағаш ауылының мақтанышы — құрығы құтты шопан Кеният Оспанов аға бүгін лайықты марапатына ие болды!

    Қырық жылдан астам уақыт қой бағып, мал шаруашылығының дамуына өлшеусіз үлес қосқан ағамызға Қазақстан Фермерлер Қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов Ауыл шаруашылығы министрлігінің «Еңбек ардагері» медалін табыс етті.

    Нағыз ауыл ағасы, нағыз еңбек адамы!

    Қолының құрығы құтты, сөзі өнеге.

    Награда құтты болсын, Кеният аға!

    Денсаулығыңыз мықты, ғұмырыңыз ұзақ болсын! Отбасыңызға амандық, шаңырағыңызға береке тілейміз!