Перейти к содержимому

Зум-кеңес

    28 мамырда Қауымдастықтың облыстық филиалдары басшыларының қатысуымен кезекті зум-кеңес өтті.

    Кеңеске «GRAIN CARAVAN SFK» ЖШС басшысы Сәбит Тельман қатысып, компанияның жұмыс бағыты және күн панельдерінің ерекшеліктері, оларды сату, жеткізу, орналастыру, бағалары туралы қысқаша айтып берді, сондай-ақ филиал басшыларының сұрақтарына жауап берді.

    Кеңестің екінші бөлімі Қауымдастықтың ішкі жұмысына арналып, Басқарма төрағасының орынбасары Әкпар Мәуленов баяндама жасап, одан кейін бірнеше облыстық филиал басшылары тыңдалды.

    Кеңесті қорытындылай келе Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Әбуов облыстық филиал басшыларына кедендік баж, несиелендіру, қосымша құн салығы мәселелері бойынша, сондай-ақ Қауымдастықтың жұмысына қатысты тиісті тапсырмалар берді.