Перейти к содержимому

Алматыда Ауыл партиясының негзін қалаушы, көрнекті ғалым-экономист Ғани Әлімұлы Қалиевтің рухына арналаған халықаралық ғылыми-практикалық конференция өтті

    20.05.2026 жылы Алматы қаласында Ауыл партиясының негзін қалаушы, көрнекті ғалым-экономист, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және ҚР ҰАҒА академигі Ғани Әлімұлы Қалиевтің рухына арналатынын «Қазақ агроөнеркәсіптік кешені экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институты» ЖШС-де халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы («Қалиев оқулары – 1») аясында «АӨК экономикасы» секциялық отырысы өтті.

    Іс-шараға еліміздің және шетелдің белгілі ғалымдары, аграрлық сала сарапшылары, ғылыми ұйымдар мен жоғары оқу орындарының өкілдері, жас ғалымдар, магистранттар мен докторанттар қатысты.

    Конференцияның ашылуында Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясының президенті, экономика ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ҰҒА және ҚР ҰАҒА академигі Тілектес Исабайұлы Есполов сөз сөйлеп, Ғани Әлімұлы Қалиевтің аграрлық экономика ғылымының дамуына, ауыл шаруашылығы саласындағы реформаларға және агроөнеркәсіптік кешенді ғылыми тұрғыдан дамытуға зор үлес қосқанын айтты.

    Секциялық отырыс барысында азық-түлік қауіпсіздігі, ауыл шаруашылығы кооперациясы, агроөнеркәсіптік кешенді цифрландыру, агросақтандыру, ауылдық аумақтарды дамыту, ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу және мемлекеттік қолдау тетіктерін жетілдіру мәселелері талқыланды. Біз конференцяда «Ауыл шаруашылығы кооперативтерінде есеп пен ішкі аудитті жетілдіру» мәселелері бойынша сөз сөйлеп, өз ұсыныстарымызды айттық.

    Шарипов Аскар Калиұлы, Қазақстан фермерлер қауымдастығы Жетісу облысы филиалы басқарма төрағасы, экономика ғылымдарының докторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық аграрлық ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасының аудиторы.