Перейти к содержимому

Кездесу

    Бүгін «Қазақстанның фермерлерінің қауымдастығы» Басқарма төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов «UNICORN FEED LIMITED» компаниясының Басқарушы директоры Руслан Какеновпен кездесу өткізді.

    UNICORN FEED LIMITED-SAVORY брендімен жоғары сапалы ауылшаруашылық жануарлары мен құстарға жем қоспаларын өндіруші. Кәсіпорнының өндірістік қуаты сағатына 18 тоннаны құрайды, бұл жылына 120 мың тоннаға дейін жем шығаруға мүмкіндік береді.

    Savory өндірістік кешені Көкшетау қаласында орналасқан және құрама жем өнеркәсібіне арналған технологиялар саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — skiold (Дания) заманауи еуропалық жабдықтарымен жабдықталған.

    SAVORY өнімдері мал шаруашылығының заманауи талаптарын ескере отырып әзірленеді және өнімділікті арттыруға, жануарлардың денсаулығын сақтауға және фермерлік шаруашылықтардың шығындарын оңтайландыруға бағытталған.

    Кездесу барысында Руслан Какенов қазіргі уақытта мал шаруашылығымен айналысатын тауар өндірушілер зауыттың өнімін сатып алуда. Алайда, зауыт қуаттылығына шығу үшін сатып алушылар санын арттыру қажеттігін жеткізді.

    Мал шаруашылығының өнімділігі мен сапасын көтерудің бірден-бір жолы құрама жем өндірісін дамыту қажет. Бұл жануарлар мен құстарды толыққанды құрама жеммен қамтамасыз етуге, жем шығынын үштен біріне азайтуға мүмкіндік береді.

    Е. Абуов сөзін қорытындылай келе алдағы уақытта бірлесіп өзара тиімді жұмыс істеу қажеттігін алға тартып, Қауымдастық тарапынан қол ұшын беруге әрдайым дайын екендігін білдірді.