Перейти к содержимому

Болашақ мамандармен кездесу

    13.05.2026 жылы облыс орталығы Талдықорған қаласында Жетісу университетінде студенттермен кездесу өтті. Онда ҚР тәуелсіз аудиторы, Шәріпов Асқар Қалиұлы болашақ мамандарға ауыл шаруашылығын дамыту бойынша қабылданып жатқан бағдарламалар және маңызды мәселелер туралы мәлімет берді. Нарық заманында төрт түрден тұратын шаруашылық есепті жүргізуге үлкен мән берілетіні айтылды. Олар: жедел есеп, статистикалық есеп, бухгалтерлік есеп және салық есебі. Облыстағы19,0 мыңнан астам ауыл шаруашылық субъектілернің 90 пайызынан астамына шаруа-фермер қожалықтары болғандықтан, оларға бухгалтерлік есепті жүргізу талабы қойылмайды. Бұл өз кезегінде жалпы шаруашылық есептің сапасына кері әсер етіп, Мемлекеттік қолдау шараларын алуды біршама қиындатады. Болашақ мамандарға осы және басқада мәселерге баса назар аударуға шақырдық.

    Жиында облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысының орынбасары және басқада да сала мамандары студенттер алдында сөз сөйлеп, болашақта оларды күтіп тұрған тәжірбиелік жұмыстардың ерекшеліктерімен таныстырды.

    ҚФҚ Жетісу облыстық филиалының басқарма басшысы Асқар Шарипов.