Перейти к содержимому

Қазақстан Фермерлері Қауымдастығындағы «Ауыл шаруашылығын несиелендіруге қатысты өткен зум-кеңестің» қорытындысы бойынша атқарушы билік өкілдерінің назарына

    Қазіргі таңда еліміздің фермерлерін алаңдатып отырған өте өзекті проблема ауыл шаруашылығының дамуына оң әсер етіп серпін беретін қаржыландыру мәселесі.

    Мемлекеттік қолдаудың барлық тетіктері ірі өндірісті ынталандыруға арналған, ал ұсақ және орта фермерлердің едәуір бөлігі жеңілдетілген несиеге, және басқа да қаржылық қолдау шараларына қол жеткізе алмай отыр.

    Фермерлерді қол жетімді және арзан несиелермен қамтамасыз ету қажеттігі туралы кімге жеткізбедік. Қаржы институттарынан мысал ретінде орта-кіші буынды фермерлерге 15-20 млн тенге көлемінде несие алу үшін 30-40 млн кепілдік керек. Ондай мүмкіндік шаруа қожалықтарында жоқ. Себебі, ауылдағы үйінің бағасын өте төмен коэффициентпен бағалайды, малды, ескі техниканы кепілдікке алмайды.

    Сонымен қатар, қағазбастылықтың көптігінен фермерлердің өтінімдері ұзақ қаралады, несие беру кезінде құжаттар пакетін азайту қажет (Шаруа-фермер қожалықтарының куәлігі және жеке басын куәландыратын құжат болса жеткілікті).

    Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында Мемлекет тарапынан қыруар қаржы бөлініп отыр. Ендігі негізгі мақсаттың бірі – осы бөлінген қаражаттың шаруа-фермерлерге, әсіресе орта-кіші буынды фермерлерге уақытылы қолжетімділігін қамтамасыз ету.

    Кеңеске шақырылған Аграрлық несие корпорациясының басқарушы директоры Арман Байғаниров ауыл шаруашылығын несиелендіру мәселесі бойынша қысқаша баяндама жасады.

    Содан кейін кеңес «сұрақ-жауап» режимінде жалғасты.

    Фермерлер көтерген негізгі мәселелер:

    өтінімдерді қарастыру мерзімін қысқарту;

    несиені игеру және қайтару мерзімдерін ұзарту;

    несиелендіру шарттарын жеңілдету;

    бірлескен жауапкершілік (солидарная ответственность) мәселесін қайта қарау немесе мүлдем алып тастау;

    «Береке», «Игілік» бағдарламасына отандық малдарды сатып алуға рұқсат беру және Игілік бағдарламасына 100-ден 50 басқа дейін түсіру;

    Мал шаруашылығын дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған Кешенді жоспары аясында шет елден мал әкелуге несие талаптары жоғары және Ауыл шаруашылығы министрлігі тарапынан жүйелі түрде шешілмеген;

    Аграрлық несие корпорациясында несие берерде сатып алатын малдың бағалары төмен және қайта қарау;

    жалпы шет елден мал әкелуді тоқтату, Кешенді жоспарға отандық асыл тұқымды аналық мал басын (қазақтың ақбас) сатып алуға баса назар аудару;

    орта-кіші буынды фермерлерге несиенің шарттары қолжетімсіз;

    несие берерде аймақтарға қарап бөлу;

    кооперацияны дамытуға айналым қаражатын қарастыру;

    өңтүстік өңірлер үшін көктемгі дала жұмыстарына несиені желтоқсан-қаңтар айларынан қалдырмай беруді қарастыру.

    Ауыл шаруашылығы қарқынды дамысын десек Үкімет тарапынан қарапайым фермерлерге қолайлы жағдай туғызу қажет.

    Жоғарыда баяндалғанды ескере отырып, атқарушы билік Қазақстан фермерлерінің өтінішін шешу бойынша тиісті шаралар қабылдайтынына сенім білдіреді.

    Қазақстан Фермерлері Қауымдастығы

    Басқарма Төрағасының бірінші орынбасары Ермек Абуов